Бәстесуден ұтылып футболшының аяқкиімін жуды

Британиялық «Болтонның» жанкүйері әрі әзіл-сықақшы Пэдди Макгиннесс сүйікті командасының шабуылшысы Эмиль Хескидің аяқкиімін жуып берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Макгиннесс өзінің «Твиттердегі» ресми парақшасында: «Егерде Хески бүгін ойынға шығып, гол соқса, мен оның аяқкиімін жуып беремін», - деп жазыпты. Бұл сөздер Англия құрамасының бұрынғы ойыншысының шамына тиген болу керек, «Блэкбернге» қарсы кездесуде командаласы Эйдур Гудйонсеннің пасынан гол соқты. Ойыннан бірнеше күн өткеннен кейін Макгиннесс «Болтонның» футбол базасына келіп, Хескидің аяқкиімін жуып берді.

«Егер осылай әр апта сайын гол соғып тұрсаң, сенің үстіңдегі киіміңмен қоса іш киіміңді жууға дайынмын», — дейді Макгиннесс BBC арнасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или