Africa Eco Race-2015 додасында қазақстандықтар топ жарды

Africa Eco Race-2015 додасында қазақстандықтар топ жарды

Солтүстік Африкада басталған раллиде Қазақстандық команда жеңіске жетті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Юрий Сазонов пен Арслан Сахимов тізгіндеген жол талғамайтын көлік жалпы есепте көш бастады. Шабандоздар Марокко, Мавритания және Сенегал елдерінің жолдарымен жүйткіді. Жалпы бұл жарысқа Қазақстаннан төрт экипаж қатысты. Марокконың Тангунит және Асса қалаларының арасындағы 433 шақырымға созылған қашықтықты Сазонов пен Сахимов төртінші болып еңсерді. Алдыңғы екі кезеңде де шабандоздар қарсыластарын шаң қаптырған еді. Сондықтан жалпы есепте олар бірінші орынға лайық болды. Africa Eco Race-2015 сайысының үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша, елімізден барған Қанат Шағыров пен Андрей Чередников та алғашқы ондықтан көрінді.

24.kz сайтының ақпараты бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или