Владимир Вайсс Қазақстанға оралуы мүмкін
Грузия құрамасының тізгінінен кеткен Владимир Вайсс Қазақстанға оралуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Өткен жылы «Астана» Владимир Вайссты сол кездегі бапкер Роман Григорчуктың орнына қарастырған. Тіпті, словакиялық маман Қазақстанға келіссөз өткізуге келген.
Meta-ratings.kz мәліметінше, Владимир Вайсс қазақстандық командамен келіссөз жүргізіп, келісімін берген.
Естеріңізде болса, словакиялық маман 2013-2015 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или