Ресейде экс-футболшы 12 жылға сотталды
47 жастағы «Рубиннің» экс-капитаны Сергей Харламов түрмеге тоғытылды, деп хабарлайды Prosports.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Экс-футболшы «қылмыстық қауымдастық ұйымдастырғаны» және «алаяқтық жасағаны» үшін 12 жылға сотталып, жалпы режимдегі колонияға жатқызылады.
Харламов қаржылық пирамиданы насихаттағаны үшін кінәлі деп танылды, ол кейбір мәліметтер бойынша 1,4 миллиард рубль мөлшерінде зиян келтірген.
Ойыншы 1990-1993 және 1997-2004 жылдар аралығында «Рубин» сапында ойнады. Ол - 2003 жылғы Ресей чемпионатының қола жүлдегері болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или