Қазақстан ұлттық құрамасы түзде Черногориямен тең түсті
Қазақстан құрамасы Черногориямен тең түсті (0:0) деп хабарлайды Prosports.kz.
Қос команда ойыншылары сүреңсіз ойнады деуге келмейді. Ойын қызықты өтті. Дегенмен қақпадан саңылау таба алмаған қарсыластар тең тарқасты. 15-минутта Сергей Хижниченко гол соққан, бірақ төреші ойыншының офсайдта болғанын анықтады.
Бұл ойынға допинг дауына тап болған Бауыржан Исламхан, бас жарақатын алған Бахтиер Зайнутдинов секілді жетекші ойыншылар қатыспаған болатын.
Енді Қазақстан құрамасын алда Ұлттар лигасындағы соңғы екі матч күтіп тұр. 15 қарашада сырт алаңда Албаниямен, 18 қарашада Алматыда Литвамен ойнайды.
Жолдастық матч.
Черногория – Қазақстан 0:0
Черногория: Петкович (В), Балич, Шофранац, Милович (Шимич 23), Распопович, Миркович (Б. Янкович 77), Райчикович, Йовович (Осмайич 56), Вуйнович (Йоветич 56), Больевич (Е. Янкович 77), Бечирай (К) (Исламович 56).
Қазақстан: Непогодов (қ), Керімжанов, Логвиненко (Марочкин 74), Бейсебеков (Әліп 46), Досмағамбетов, Дарабаев (Перцух 61), Қуат, Федин, Быстров (Вороговский 61), Хижниченко (Әбікен 85), Жаңғылышбай (Щеткин 61).
11 қараша. Подгорица. «Под Горицом» стадионы.