ПСЖ Мессидің әкесімен байланысқа шықты
ПСЖ «Барселона» лидері Лионель Мессиді сатып алуға ниеттеніп отыр. Клуб өкілдері аргентиналық шабуылшының әкесі әрі агентімен байланысып үлгерді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 2021 жылдың жазында аяқталады және ПСЖ футболшымен қаңтар айында ресми келіссөздерді бастағысы келеді. Өткен жазда Месси «Барселонадан» кеткісі келді, бірақ клуб оны жіберген жоқ.
Месси осы маусымда барлық жарыста 10 кездесу өткізіп, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Сонымен бірге 33 жастағы аргентиналық 6 голдың 5-ін пенальтиден соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или