«Ювентус» Роналдуға жаңа келісімшарт ұсына алмайды
Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду туриндік клубтан кетуі мүмкін.
Бұған дейін француз клубының спорт директоры Леонардо ПСЖ Роналдуды өз қатарына қосуға әлеуеті жететін клубтардың бірі екенін айтқан болатын.
Итальяндық инсайдер Танкреди Палмиери Tuttomercatoweb-тегі бағанасында 2021 жылдың жазында туриндік клубтың 35 жастағы футболшымен қоштасатынын мәлімдеді. «Кәрі сеньора» Роналдуды сатып алуға жұмсаған қаражатының бір бөлігін қайтарғысы келеді.
Сонымен қатар, клуб Пауло Дыбаламен келісімшартты қайта жасасуы керек, сондай-ақ Деяр Кулусевски мен Федерико Кьезаның трансферлері үшін де қаржы төлеуі керек. Мұндай жағдайда «Ювентустың» Криштианумен жаңа келісім жасасуға мүмкіндігі болмайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или