Стойчо Младенов «Қайсардан» кететін болды
Болгариялық маман Стойчо Младенов алдағы жылы Қызылорданың «Қайсар» командасындағы бас бапкер қызметінен кетеді.
<span>Стойчо Младенов 1957 жылдың 12 сәуірінде дүниеге келген. 1975-1994 жылдар аралығында Болгария және Португалияның бірқатар клубтарында ойын көрсетті. </span>
<span>1978-1988 жылдар аралығында Болгария ұлттық құрамасында 59 мәрте жасыл алаңға шығып, 15 голдың авторы атанды. </span>
<span>1991 жылдан бастап Португалия, Болгария, Грекия, Сауд Арабиясы, Египет елдерінде бапкерлік қызмет атқарды. 2016 жылы қазақстандық «Атырау» командасына бапкерлік жасады. 2017 жылдан бері «Қайсар» командасының тізгінін ұстап келді. </span>
<span>Былтыр қызылордалық клуб Қазақстан кубогына ие болып, өз тарихында тұңғыш рет Еуропа лигасында ойын көрсетті.</span>