Джерард «Ливерпульден» кетеді

«Ливерпульдің» капитаны Стивен Джерард биылғы маусым аяқталған соң командадан кетеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұған себеп – ойыншының ливерпульдік клубпен келісімі аяқталады. 34-жастағы тәжірибелі ойыншыға АҚШ-тың командалары қызығушылық танытуда. «Лос-Анджелес Гэлакси» мен Тьерри Анридің бұрынғы командасы «Нью-Йорк Ред Буллс» Стиви Джимен келісімге келуі әбден мүмкін.

Жақында ғана, Стивен Джерард «Ливерпуль» сапында ағылшын премьер-лигасындағы 358 матчын өткізген болатын. Бұл мерсисайдтық клубтың тарихындағы үшінші көрсеткіш.

sports.ru сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или