Азат Нұрғалиев ҚПЛ-дағы 200-матчын өткізді

Азат Нұрғалиев ҚПЛ-дағы 200-матчын өткізді

Азат Нұрғалиев «Қызыл-Жарға» қарсы «Тобыл» сапында Қазақстан чемпионатындағы 200-матчына қатысты, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі. 

Азаттың қостанайлықтар құрамындағы дебюті сонау 2006 жылы өтті. Нұрғалиев павлодарлық «Энергетикке» қарсы кездесудің 70-минутында алаңға шықты.

«Тобылда» Азат Нұрғалиев медальдардың толық жиынтығын жеңіп алып, ел Кубогының иегері атанды. Қазіргі уақытта жартылай қорғаушы сары-жасылдармен 237 ойынға қатысты (Қазақстан чемпионаты – 200, УЕФА Кубогы – 16, Қазақстан Кубогы – 14, Интертото Кубогы – 6, Суперкубок - 1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или