Зайнутдинов ЦСКА - "Ростов" матчы қарсаңында бұрынғы командасы туралы не деді

Зайнутдинов ЦСКА - "Ростов" матчы қарсаңында бұрынғы командасы туралы не деді

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Мәскеудің ЦСКА футболшысы Бахтиер Зайнутдинов бұрынғы командасы "Ростовқа" қарсы матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен ешкімді бөліп-жарғым келмейді, олар ұжымдасқан түрде ойнайды, қолдарынан келгеннің бәрін жасайды. Әрине, Рома Еременко мен Паша Мамаев - ойын ұйымдастырудың шеберлері. Қорғаушылар өте мықты», - деп жазды ЦСКА-Медиа телеграмм арнасы қазақстандық ойыншының сөзін   мысал ретінде келтіріп. 

Еске сала кетелік , Ресей Премьер-лигасының 14-ші турындағы ЦСКА - "Ростов" матчы бүгін, 8 қарашада Мәскеудегі ВЭБ-Арена стадионында өтеді және Нұр-Сұлтан уақытымен 19: 30-да басталады.

Фото: ЦСКА ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или