Қазақстандық клубтардың төрт футболшысы Армения құрамасына шақырту алды

Қазақстандық клубтардың төрт футболшысы Армения құрамасына шақырту алды

Армения футбол құрамасының бас бапкері Хоакин Капаррос Грузия мен Солтүстік Македонияға қарсы Ұлттар лигасының топтық кезеңінің матчтарына шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Армения Футбол Федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл тізімге: «Шахтердің» қақпашысы Давид Юрченко, «Қайрат» пен «Тобылдың» қорғаушылары Камо Оганесян мен Арман Оганесян, сондай-ақ «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян кіреді.

15 қарашада Армения құрамасы сырт алаңда Грузиямен ойнайды, ал үш күннен кейін өз алаңында Солтүстік Македониямен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или