Ардагерлер бас қосты

Желтоқсанның 29-ы күні Қазақстан футбол федерациясы Алматыда ардагерлер арасында дәстүрге айналған жолдастық кездесуді ұйымдастырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

"Вельвет" спорт кешенінде өткен жолдастық ойында өткен жылдардың үздіктері, атап айтсақ, Диас Омаров, Өмірбек Бекбосынов, Александр Мазманьян, Дмитрий Огай, Руслан Балтиев, Қайрат Сіләмбеков, Марат Исмуратов, Сергей Жуненко, Ғани Қайназаров, Тілеухан Тұрмағамбетов, Юсуп Шадиев, Виктор Катков, Юрий Буйлов, Сейілдә Байшақов, Юрий Коньков, Владимир Никитенко, Қанат Мұсатаев, Роман Вороговский, Алексей Клишин сынды марғасқалар алаңға шықты. Голға толы болған матчта футболшылар "достық жеңді" деген ұранмен тарқасты. Кездесуден кейін ардагерлер бір-бірін, жалпы қазақстандық жанкүйерлерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Сейілда Байшақов, ҚФФ вице-президенті:

- Қазақстан футболының ардагерлері арасында осындай тамаша жолдастық кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан футбол федерациясына зор алғыс білдіремін. Жаңа жылдыі алдында мұндай ойындар ерекше қуаныш сыйлайды. Жалпы, ардагерлердің Футбол федерациясына деген алғыстары шексіз, келе жатқан 2015 жылды тағатсыздана күтеміз. Орай келгенде барша қазақстандықтарды, ардагерлер мен жанкүйер қауымды жаңа жыл меркесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір, отбасылық табыс және әр бастамаларына баяндылық тілеймін!

ҚФФ ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или