Вагнер Лав келісімшартын мерзімін ұзартқаны жалйы мәлімдеме жасады

Вагнер Лав келісімшартын мерзімін ұзартқаны жалйы мәлімдеме жасады

«Қайратпен» келісімшартын ұзартқан Вагнер Лав Instagram-парақшасында пікірін білдірді.

«Тағы бір маусымға келісімшарт мерзімін ұзартып, сенім білдіргені үшін «Қайраттың» басшылығына алғысымды айтамын», – деп жазды футболшы.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, 36 жастағы ойыншымен бір жылға жарамды келісімшарт жасалды.

Айта кетейік, «Қайрат» қарашаның басында Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық 16 жыл күткен чемпиондық атағына чемпионаттың аяқталуына үш тур қалғанда мерзімінен бұрын қол жеткізді.

Ал Вагнер алматылық клубқа 8 шілдеде ауысып келген болатын. Содан бері ол Премьер-лигада 13 матчқа қатсып, 7 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или