Еурокубоктар. Немістер таң қалардық нәтиже көрсетті

Еурокубоктар. Немістер таң қалардық нәтиже көрсетті

Чемпиондар лигасы мен Еуропа Лигасы топтық кезеңінің 3-турында Бундеслиганың алты командасы барлығы 26 гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оpta сайтының мәліметінше, бұл неміс клубтарының 2014 жылдан бері УЕФА Еуропа кубогының бір аптасындағы ең жақсы нәтижесі саналады.

Чемпиондар лигасында Мюнхеннің «Бавариясы» «Зальцбургтен» 6:2 есебімен басым түссе, «Боруссия» (Менхенгладбах) тіпті донецкілік «Шахтерді» 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Сондай-ақ Дортмундтың «Боруссиясы» бельгиялық «Брюггені» 3:0 есебімен тас-талқан етсе, РБ «Лейпциг» кішігірім сенсация жасап, ПСЖ-дан басым түсті (2:1).

Еуропа лигасында «Хоффенхайм» «Слован» (Либерец)  қақпасына жауапсыз 5 гол соқты, ал «Байер» «Хапоэль Беер-Шеваны» жеңді (4:2).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или