Чемпиондар лигасы: Қазақстандық ойыншының командасы іріктеу кезеңін сәтті бастады

Чемпиондар лигасы: Қазақстандық ойыншының командасы іріктеу кезеңін сәтті бастады

Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде мәскеулік ЦСКА Эстонияның «Флора» командасымен кездесті, деп жазады<span> </span>Prosports.kz.

Матч 2:0 есебімен ресейлік команданың пайдасына шешілді.

Бұл ойында Қазақстан қыздар құрамасының қорғаушысы Юлия Мясникова негізгі құрамда алаңға шығып, 90 минут толық өнер көрсетті.

ЦСКА-ның келесі кезеңдегі қарсыласы 6 қарашада анықталады.

ЦСКА (Москва, Ресей) — «Флора» (Таллин, Эстония) 2:0 (0:0)

Гол соққандар:<span> </span>Смирнова 57 (1:0), Беспаликова 79 (2:0).

Айта кетейік, Мясникова ЦСКА-ға 2019 жылы сәуір айында ауысқан. Бір мәрте Ресей чемпионы атанды. Бұған дейін Қарағанды ​​футболының түлегі «БИІК-Қазығұрт» сапында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или