Месси еурокубоктарда 150 матчқа қатысты
«Барселона» капитаны Лионель Месси Чемпиондар лигасының 3-турында Киевтің «Динамосымен» өткен ойынға қатысып, гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Sky Sports-тың хабарлауынша, бұл Мессидің еуропалық жарыстағы 150-ші ойыны және ол бұл көрсеткішімен «Ливерпульдің» бұрынғы ойыншысы Джейми Каррагермен теңеседі.
Аргентиналықтың Чемпиондар лигасында 146, УЕФА Суперкубогында 4 ойын өткізгені де белгілі болды. Месси осы уақыт аралығында 121 гол соқты. Оны тек Криштиану Роналду ғана артқа тасап тұр (133 гол).
Осы маусымда Месси 9 матч өткізіп, бес рет пенальтиден көзге түсті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или