Вагнер Лав «Қайратта» қала ма

Вагнер Лав «Қайратта» қала ма

«Қайрат» шабуылшысы Вагнер Лав Қазақстанның су жаңа чемпионымен еңбек келісімшартын жаңартуға асықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, бразилиялық пен оның өкілдері Вагнер Лавтың ЦСКА-мен қаңтар айында 2020/21 маусымының соңына дейін келісімшарт жасасып, кейін клуб құрылымынан лауазымды орын алуды көздейді.

«Вагнер Лав Мәскеу армияшыларымен келісімшартқа отырса - бұл ресейлік торседорлар үшін де, біздің тарап үшін де жақсы мүмкіндік. Бұл бір ертегінің бақытты соңы болар еді, бірақ біз алдын-ала ештеңе айтуға болмайды.

Мүмкін Вагнер ЦСКА-ға оралса, командаға көптен күткен чемпионатты жеңіп алуға көмектесер ме еді. Ал дәл қазір біздің ойымыз «Қайратта» болып тұр. Вагнер Қазақстан чемпионы атанғанына дән риза», - деді Лав өкілдерінің бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или