Қызылорда облыстық футбол федерациясы жылқы жылын қорытындылады

Қызылорда облыстық футбол федерациясы жылқы жылын қорытындылады

Қызылорда облыстық футбол федерациясы жылқы жылын қорытындылап, Атқару комитетінің кеңейтілген қорытынды мәжілісін өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Мәжіліс барысында баспасөз мәслихатына да кезек беріліп, соңында аймақта аяқдоп спортын дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталды. Федерацияның 2014 жылы атқарған шаруалары жөнінде вице-президент Асқар Сереков пен жауапты хатшы Ақмарал Төребаева есеп беріп, өз баяндамаларында биылғы жылғы жарыстар жайлы және демеушілерден түскен қаржының қайда, қалай жұмсалғаны жөнінде айтып берді.

Ал мәжілісті Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, облыстық футбол федерациясының Президенті Нұржан Әлібаев ашып берді.

- Биылғы жыл біз үшін өте сәтті болды. Футболдық тұрғыдан алғанда көп нәрсе жасалды. «Қайсар» ел чемпионатында үздік бестіктен орын алса, «Байқоңыр» Бірінші лигаға жолдама алды. Сонымен қатар, спорттық инфрақұрылымға да зор көңіл бөлдік. Мәселен, шағын футбол алаңдарын салып, жағажай футболының аренасын аштық. Сондай-ақ, Шағын футбол лигасы мен Студенттер лигасын құрдық. Дегенмен, мұнымен тоқтап қалуға болмайды. Осы бағыттағы жұмысымызды бұдан әрмен қарай да жалғастыра беруіміз қажет. Нақты айтсақ, енді аудандардағы футболдың дамуына зор көңіл бөлуіміз керек, - деді Нұржан Нұрмағамбетұлы.

Келесі сөз кезегі «Қайсар» футбол клубының бас бапкеріне беріліп, Дмитрий Огай команданың жақында ғана аяқталған жиыны жайлы айтып берді.

- Анталияда өткен қысқа мерзімді оқу-жаттығу жиынында негізінен өткен маусымда дубльдік құрамда ойнаған қызылордалық жас ойыншыларға көңіл бөлдік. Екі жолдастық кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жеттік. Жалпы, ойлаған істерімізді жүзеге асыра алдық деп ойлаймын.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев та өз кезегінде Сыр футболының жетістіктерін атап өтіп, жиналған қауымды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

- Иә, расымен де биылғы маусым сіздер мен біздер үшін өте сәтті болды. Көптеген жарқын сәттерді бастан кешірдік. Әсіресе, жанкүйерлермен өзара түсіністік тапқанымызға қуаныштымын. Біз жанкүйерлердің барлығын да жақсы көреміз және келесі маусымда да сүйікті командамызды қолдай бересіздер деп үміттенеміз.

Бұдан кейін журналистер спикерлерге сұрақ қоюға мүмкіндік алып, солардың бірі бас бапкер Дмитрий Огайға бағытталып, әріптестеріміздің бірі жаңа ойыншылар жайлы сұрады.

- Бұл тақырыпта сөз қозғау әлі ертерек болар. Өйткені, әлі жаңа ойыншылардың ешқайсысымен келісімшартқа қол қойған жоқпыз. Жоғарыда айтқанымдай, алғашқы жиында біз негізінен жергілікті жастарға көбірек көңіл бөлгенбіз, - деп жауап берді Дмитрий Алексеевич.

Мәжілістің ресми бөлімі аяқталған соң ҚОФФ Президенті Нұржан Әлібаев өңірде футболды дамытуға ерекше үлестерін қосқан азаматтарды арнайы дипломдармен марапаттап, барша футболсүйер қауымға жаңа жылда жаңа табыстар тіледі.

fckaysar.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или