«Қайрат» Түркияда, кейін БАӘ-де жиын өткізеді

«Қайрат» Түркияда, кейін БАӘ-де жиын өткізеді

«Қайрат» 7-19 қаңтар арасында Түркияның Анталья қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ал екінші жиын 26 қаңтар мен 7 ақпан арасында Біріккен Араб Әмірлігінде өтеді деп жоспарлануда. Абу-Даби қаласында алматылық ұжым бірнеше жолдастық матч өткізеді. Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, халықаралық турнирге де қатысып қалуы мүмкін.

Кейін ел кубогының иегерлері 10 ақпанда қайта Антальяда жиналады. Бұл жақта жаңа маусым алдындағы дайындықтарын пысықтайды. Сонымен қатар, тағы бірнеше жолдастық матчтар өткізу жоспарланған.

Айта кетейік, бас бапкердің көмекшісіне үміткер ретінде оқу-жаттығу жиынына қазақстандық маман Константин Горовенко шақырту алды. Ол бұған дейін «Сұнқар» клубы мен «Қайраттың» академиясында қызмет атқарған.

Kazsport.kaztrk.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или