Серхио Рамос «Реал» сапындағы 100-голын соқты
Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің 3-туры аясында «Реал Мадрид» өз алаңында «Интерді» 3:2 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Осы ойында «Реал» қорғаушысы Серхио Рамос бірінші таймда гол соғып, есепті 2:0-ге жеткізген.
Осылайша, Рамос «Реал» сапындағы 100-голын соғып отыр.
Айта кетейік, «Реал» тарихында 19 ойыншы 100-ден көп гол соққан. Оның 15-і шабуылшы, екеуі жартылай қорғаушы, екеуі қорғаушы. Рамостан бөлек тағы бір қорғаушы Фернандо Йерро мадридтік клуб сапында жүз голдық межеге жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или