«Барселона» футболшыларының жалақысын қысқартады

«Барселона» футболшыларының жалақысын қысқартады

«Барселонаның» президенті қызметін атқарушы Карлес Тускетс клубтың қаржылық жағдайы туралы айтты.

«Бюджетті оңтайландыру үшін шығынды 300 миллион еуроға дейін қысқарту қажет. Комиссия барлық тараптарға пайда келетіндей шешім қабылдауы керек. Осыған орай, футболшылардың да жалақысы қарастырылады», – дейді Тускетс.

Айта кетейік, «Барселонаның» бюджеті пандемия салдарынан қарызға батқан. Қазан айында клуб 97 миллион еуро шығынға ұшыраған. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или