Зайнутдинов ЦСКА-ға төртінші матчта жеңіске жетуіне көмектесті
Ресей Премьер-лигасының 13-тур матчында мәскеулік ЦСКА Волгоградтың «Роторымен» ойнады.
«Армияшылар» 1:0 есебімен жетті. Жеңісті голды Алан Дзагоев соқты.
Қазақстандық жартылай қорғаушы Бахтиер Зайнутдинов Виктор Гончаренко командасының қатарынан алтыншы чемпионат ойынында негізгі құрамда шығып, соңғы ысқырыққа дейін алаңда ойнады.
Осы жеңістен кейін ЦСКА Санкт-Петербургтің «Зениті» мен Мәскеудің «Спартагын» бір ұпайға созып, турнир кестесінің көш басына шықты.
ЦСКА келесі кездесуін 8 қарашада өз алаңында Зайнутдиновтың бұрынғы клубы «Ростовқа» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или