«Ботафого» академиясында тәлім алған жас футболшы «Жетісу» жейдесін киюі мүмкін

Бразилияның «Ботафого» академиясында үш жыл тәлім алып келген Айсұлтан Сейдахмет талдықорғандық «Жетісу» сапын толықтырып қалуы мүмкін, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сол өңірдің тумасы болып саналатын жас футболшы өз командасының қапталдағы қорғанысына көмектесе алады. Асқар Қожабергенов баптайтын талдықорғандық «Жетісуға» биыл жергілікті футболшылар көптеп тартылуда. Сейдахметтен бөлек, Бразилияда тәлім алып келген футболшылардың көбі Премьер-лига командаларында байқауда жүр.

Aladop.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или