Иско мансабын АПЛ-да жалғастырғысы келеді
Мадридтік «Реалдың» жартылай қорғаушысы Иско «Эвертонға» ауысқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ливерпульде футболшы Карло Анчелоттимен қайта қосылуға ниетті. Бұған дейін Анчелотти мадридтік клубты баптаған еді.«Реал» Искомен қоштасуға дайын.
«Эвертонды» қосқанда бірнеше клуб испандықты маусымның соңына дейін сатып алу опциясымен жалға алғысы келетіндіктерін білдірді. «Бланкос» бұл нұсқаға қанағаттанды.
Иско осы маусымда Ла Лигада 5 матч өткізді.«Эвертоннан» басқа, ойыншыға кем дегенде 2 клуб қызығушылық танытып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или