Быстровтың «Ахматы» «Краснодардан» басым түсті

Быстровтың «Ахматы» «Краснодардан» басым түсті

Ресей чемпионатында (RPL) 13-тур матчтары өткізілді. Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров ойнайтын «Ахмат» өз алаңында «Краснодарды» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық футболшы кездесудің 77-минутында алаңға шықты.

Грозный клубы 13 кездесуде 20 ұпай жинап, РПЛ турнир кестесінде сегізінші орында келеді.

«Ахмат» келесі кездесуін 7 қарашада қонақта «Тамбовқа» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или