ҚПЛ: 16-турдың соңғы матчтарының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 16-турдың соңғы матчтарының тікелей трансляциясы

Футболдан Қазақстан чемпионатының 16-турының бағдарламасы «Оқжетпес» - «Тараз» және «Қызыл-Жар» - «Жетісу» матчтарымен аяқталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күні кешеге дейін турнир кестесінің соңғы орынында тұрған «Каспий» «Қайсарды» жеңіп, «Оқжетпеспен» ұпайы теңесті. Қосымша көрсеткіштер бойынша «Оқжетпес» соңғы орынға түсіп қалды. Ал бүгінгі қарсыласы «Тараз» көкшелік командадан екі ұпайға озып тұр. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де басталады. 

Қазақстанның астанасы уақытымен 17:00-де Алматыдағы «Жас Қыран» стадионының алаңында Петропавлдың «Қызыл-Жары» мен Талдықорғанның «Жетісу» командалары ойнайды. Талдықорғандық команда жеңіске жетсе кестеде бесінші орынға көтеріледі. Әйткенмен, «Қызыл-Жар» үшін ұпай ауадай қажет. Солтүстік Қазақстанның командасы ҚПЛ-дағы орынын келесі маусымға да сақтап қалу үшін таласып жүр. 

Матчтардың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасының сайтынан тамашалауға мүмкіндік бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или