Пепе Рейна: «Алтын допты» Криштиану Роналду алады»

«Баварияның» қақпашысы Пепе Рейнаның ойынша, 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Алтын допты» мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналду алады. Бірақ голкипердің өзі командаласы Мануэль Нойерге жақтасатынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Меніңше, жүлдені Кришиану Роналду алады. Бірақ мен Нойердің жеңіске жеткенін қалаймын. Бұл қақпашы үшін оңай емес, әсіресе Криштиану Роналду және Лионель Мессимен күресу қажет болса. Әйтсе де, голкипердің жеңіске жеткенін көргім келеді», - деді Рейна.

«Алтын доптың» жеңімпазы 2015 жылдың 12 қаңтарында Цюрихтағы салтанатты кеште беріледі.

Шетелдік БАҚ-тың материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или