«Аль-Айн» — «Аль-Шарджа» матчын қайдан көруге болады

«Аль-Айн» — «Аль-Шарджа» матчын қайдан көруге болады

Бүгін, 30 қазанда БАӘ чемпионатының үшінші туры аясында «Аль-Айн» - «Аль-Шарджа» кездесуі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Ойынның тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады. Кездесуді мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Қазіргі уақытта «Аль-Айн» төрт ұпаймен турнирлік кестеде бесінші орында тұр, ал «Аль-Шарджа» еншісінде алты ұпай бар.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан жарақатына байланысты жаңа маусымда «Аль-Айн» сапында бір ғана матч өткізді. Қазақстан құрамасының капитаны өткен турда «Шабаб Аль-Ахли» командасымен ойында екінші таймда алаңға шықты. 

Айта кетейік, өткен маусымда Исламхан «Аль Айн» сапында 12 матч өткізіп, 1 гол соқты және 3 нәтижелі пас берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или