Еуропа лигасы: 2-турдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер анықталды

Еуропа лигасы: 2-турдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер анықталды

Кеше УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

УЕФА осы турдағы кездесулердің нәтижелері бойынша турдың үздік ойыншысы атағына үміткер төрт ойыншыны атады. Олар: «Лудогорц» жартылай қорғаушысы Элвис Ману (ЛАСК-қа қарсы хет-трик), «Вольфсберг» жартылай қорғаушысы Михаэль Линдль («Фейеноорд» қақпасына хет-трик), ПСВ шабуылшысы Дониэлл Мален («Омония» қақпасына қарсы дубль) және «Црвены Звезда» шабуылшысы Эль-Фарду Бен-Набуан («Слован» қақпасына дубль).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или