Хижниченко «Ақтөбенің» жейдесін киді

Польшалық «Коронаның» бұрынғы шабуылшысы Сергей Хижниченко «Ақтөбе» сапына ауысты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Маусым бойы ақтөбеліктер 23 жастағы қазақстандықпен келіссөз жүргізген. Хижниченко еркін агент болғандықтан, «Ақтөбеге» тегін келді. Келісім-шарт 2 жылға жасалған.

Сергейден бөлек, «қызыл-ақ түстілерге» 24 жастағы литвалық Артурас Жулпа қосылды. Онымен келісім-шарт 3 жылға қол қойылды.

Сондай-ақ, «Ақтөбе» қорғаушы Алексей Мулдаровпен келісім-шартын ұзартқан жоқ.

«Ақтөбе» ФК ресми сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или