Алықұлов маусым соңына дейін алаңға шықпайды

Алықұлов маусым соңына дейін алаңға шықпайды

Қырғызстан құрамасы мен «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол ел чемпионатының 14-туры аясындағы «Қайрат» - «Каспий» матчында жарақат алып, алаңнан кеткен болатын. 15-турдағы «Тобылға» қарсы ойынға ол шақырту алған жоқ.

Расталмаған мәліметтер бойынша, ол маусым соңына дейін қатардан шығып қалды.

Айта кетейік, Гүлжігіт Алықұлов «Қайрат» сапында 2020 жылдың басынан бері өнер көрсетіп жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или