«Астананың» негізгі құрамының тең жартысы «Оқжетпеспен» болатын матчқа қатыспайды
«Астананың» негізгі құрамының алты ойыншысы «Оқжетпеспен» болатын матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қорғаушы Лука Шимунович, жартылай қорғаушылар Дорин Ротариу, Иван Маевский, Рунар Мар Сигурьонссон және шабуылшы Пьерос Сотириу жарақатына байланысты алаңға шықпайды. Сондай-ақ, көкшетаулықтарға қарсы ойында қорғаушы Евгений Постников та ойнай алмайды, себебі ол сары қағазды шамадан тыс көп алған.
«Оқжетпес» - «Астана» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:30-да басталады. Матчтың трансляциясы qazsporttv.kz сайтында жоспарланған.
Фото: «Астана» ФК
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или