«Хаттаманы орындамады». Италия спорт министрі Роналдуды айыптады
Италия спорт министрі Винченцо Спадафора «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуды карантин талаптарын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
«Роналду медициналық хаттаманы сақтамады. Мұны тексеріс дәлелдеді. Кәсіпқой футболды тоқтатайын деп жатқан жоқпыз, бірақ А сериясы хаттама жасап, оны орындамады», — деді Спадафора.
Роналду биыл 13 қазанда Португалия құрамасы сапында жүрген кезде коронавирус жұқтырып, оқшауланған еді. Келесі күні футболшы Туринге оралып, карантинді сол жақта жалғастырған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или