Қазақстан қыздар құрамасы Сербиядан жеңілді
Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Сербиямен кездесті, деп жазады Prosports.kz.
Сербияда өткен ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Қазақстан құрамасы алғаш болып есеп ашып, бірініш таймда жеңіске жеткен. Алайда екінші таймда Сербия ойыншылары 4 гол соғып, үш ұпай еншіледі.
Сербия W – Қазақстан W – 4:1 (0:1)
Гол соққандар: Мильяна Иванович 60, Тияна Филипович 72, Невена Дамьянович 89, Мина Чавич 90+3 – Бегайым Қырғызбаева 32
Қазақстан W: Оксана Железняк (қ) – Құндыз Қожахмет, Жанерке Перме, Зулейра Абишева, Александра Бурова – Карина Жұмабайқызы, Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова – Бегайым Қырғызбаева (К), Анастасия Власова, Сәуле Кәрібаева;
Қосалқы құрам: Назым Исмаилова (қ) – Мария Демидова, Тоғжан Бекпенбетова, Бибігүл Нұрышева, Лейла Садықова;