Айрандай төгілген абырой. ҚФФ мен Білім министрлігінің даулы жобасы жайында

Қазақстанның Білім министрлігі студенттер лигасындағы былықты жасырмақшы ма? Бұл сұраққа жауап іздеген «PROСПОРТ» тілшісі жеке сараптамасын дайындады.

Былтырғы жылы Қазақстан футбол федерациясы мен Білім және ғылым министрлігі арасындағы меморандумның нәтижесінде футболдан ұлттық студенттер лигасы құрылаған болатын...

2014 жыл.14 мамыр. Турнирдің республикалық көлемдегі жобасы қолға алынып ҚФФ бас хатшысы мен Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов Ұлттық студенттер лигасының басталғаны туралы мәлімдеп оның мақсатын түсіндірді. Алайда... Игі шара басталысымен бәсекеден шу шықты.

Астана-Аренада жарқырап өткен финалдан кейін ҚазҰУ өкілдері футбол Федерациясына шағымданып арыз жазды. Студенттер лигасының финалына шығып жеңіске жеткен (3:0) Л.Гумилев атындағы Еуразиалық Ұлттық университет атынан өнер көрсеткен команда сапында бұл оқу орнына дым қатысы жоқ футболшылар ойнаған екен.

Протестте Есен Мунтынов пен Руслан Сандыбаевтың есімдері аталады. Айтпақшы, Азамат Хасенов есімді жігіт өз-өзін әшкерелеп ЕҰУ студенті болмаса да команда сапында бірнеше ойынға қатысқанын айтып баршадан кешірім сұрады.

Ал енді регламенттегі шарттармен таныстыра кетейін. Жарысқа тек қана күндізгі бөлімде оқитын студенттер қатыса алады. Командада 2-ақ магистрант болу керек. Олардың жасы 28-ден аспағаны абзал.

Ең қызығы, әлгі арыздан кейін студенттер лигасының басшылығы нақты қадамға барып ЕҰУ университетін айыптаған жоқ. Тіпті жеңісті те бермеді ҚазҰУ-ға.

Футболдан Ұлттық студенттер лигасы арызға былай деп ресми жауап берді: «ЕҰУ жарыс алдындағы хаттамасында 13 студентті тіркеді. Тізімде Хасенов А.Б, магистрантттар Сандыбаев Р.Б. және Мунтынов Е.Н. болған. ЕҰУ-дың хаттамасында ЖОО ректоры Сыдықовтың қолы болғандықтан ойыншыларды шеттетуге құқылы болмадық».

Осындай да жауап болады екен-ау тәп-тәуір ұйымнан?! Ендеше кез келген оқу орны кәсіпқой футболшыларды университет атынан шығарып әуесқойлар жарысында жеңімпаз атануға мүмкіндігі бар деген сөз ғой? Өте ұят нәрсе, шынына келгенде. Бұл жобаға мемлекеттен жыл сайын қомақты қаржы бөлінетінін ескерте кетейік.Студенттер спортын дамытудың орнына жарысқа қара дақ жағып абыройын айрандай төгіп алған студенттер лигасын бұдан былай ел «өтірік жарыс» деп қаблдайтыны анық. Бастамасы жап-жақсы еді, әттең...

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или