Исламханның командасы БАӘ біріншілігі матчында қарсыласпен тең ойнады

Исламханның командасы БАӘ біріншілігі матчында қарсыласпен тең ойнады

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында жаңа маусымдағы алғашқы матчын өткізді. Екінші турда жерлесіміз намысын қорғайтын «Әл-Айн» командасы «Шабаб Әл-Ахли» (Дубай) ұжымымен 1:1 тең ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

56-минутта есепті Исламханның командаласы - шабуылшы Кожо Лаба ашты. 75-минутта Юсеф Джабер жауап голын соғып, қорытынды есепті тіркеді.

Исламхан кездесді қосалқы құрамда бастап, ойынның 44-минутында алаңға шықты. Бауыржан үшін бұл «Әл-Айн» сапында жаңа маусымдағы алғашқы ойын. Қазақстандық футболшы жарақатына байланысты бірінші турдағы матчқа қатыса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или