Шпилевский «Каспийге» қарсы матч жайлы: Біз жақсы ойын көрсеттік деп айта алмаймын

Шпилевский «Каспийге» қарсы матч жайлы: Біз жақсы ойын көрсеттік деп айта алмаймын

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Каспийге» (3:1) қарсы кездесуді қорытындылады:

- Біріншіден, «Каспийді» жеңгенімізге өте қуаныштымын. Біз үшін бұл қиын әрі қолайсыз қарсылас болатынын білдік. Команда өз қарсыластарынан қорықпайды, бұл үшін оларды өте құрметтейміз. Жақсы матч өткіздік деп айта алмаймын, шаршаңқы көріндік. Үш ұпай алу өте маңызды болды.

- Жанкүйерлерді екі мәселе мазалайды: неге Раде Дугалич «Жетісуға» қарсы матчта ойнамады және Гүлжігіт Алықұловтың жағдайы қандай?

- Гүлжігіт туралы нақты белгісіз. Таңертең компьютерлік томография жасалып, бізде толық ақпарат болады. Бәр дұрыс болады деп ойлаймын.

Радеге келетін болсақ, оның жеңіл жарақаты болды, сондықтан ол «Жетісуға» қарсы матчқа қатыспады. Қазір бәрі жақсы, ол қалпына келіп, бүгін негізгі құрамда шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или