Чемпиондар лигасы енді өткізілмей ме
FIFA Чемпиондар лигасының орнын басатын жаңа турнир құру үшін Еуропаның үздік клубтарымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ақпаратты Sky Sports таратты. Басылымның хабарлауынша, турнирдің атауы «Еуропа Премьер-Лигасы» болуы әбден мүмкін. Ол 2022 жылы жүзеге асырылмақ. Турнирдің бюджеті 6 миллиард долларды құрайды, сондықтан әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Турнирде 18 команда бақ сынайды, олар екі айналымнан тұратын чемпионатта ойнап көрмек. Ал үздік командалар плей-офф кезеңіне өтеді деп жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или