УЕФА Чемпиондар лиасының жаңа маусымы басталды

УЕФА Чемпиондар лиасының жаңа маусымы басталды

Бүгін, 20 қазанда 2020/2021 жылғы маусымдағы УЕФА Чемпиондар лиасы басталды, деп жазады Prosports.kz.

Биылғы маусым «Динамо Киев» - «Ювентус» және «Зенит» - «Брюгге» матчымен басталды. 

Украина жерінде өткен G тобындағы «Динамо Киев» - «Ювентус» кездесуі 0:2 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Туриндік команда сапынан қос голды да Мората соқты. 

«Динамо Киев» - «Ювентус» - 0:2 

Гол соққандар: 0:1 – 46' Мората, 0:2 – 84' Мората

Ал Ресейде өткен F тобындағы «Зенит» - «Брюгге» матчында да қонақтар жеңіске жетті. Бұл ойын 1:2 есебімен аяқталды. 

«Зенит» - «Брюгге» - 1:2

Гол соққандар: 0:1 — 63 Деннис, 1:1 — 74 Хорват (автогол), 1:2 — 90+3 Де Кетеларе.

Айта кетейік, 21 қазанға ауған түні тағы 6 матч өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или