«Тобыл» ойыншысының дисквалификациясы жеңілдетілді
Қазақстан футбол федерациясы апелляциялық комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында «Қайсар», «Тобыл» және «Жетісу» футбол клубтарының өтініштері қаралды.
ҚФФ баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:
«Қайсар» (Қызылорда) ФК өтініші бойынша:
ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 6 қазандағы шешімі өзгертілді.
- «Қайсар» ФК ойыншысы Асхат Тағыбергенді 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу.
Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 29 қыркүйегінен бастап қала береді.
«Тобыл» (Қостанай) ФК өтініші бойынша:
ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 12 қазандағы шешімі өзгертілді.
- «Тобыл» ФК ойыншысы Сенин Себайды 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу.
Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қала береді.
«Жетісу» (Талдықорған) ФК өтініші бойынша:
ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 116-бабына және 31-бабына сәйкес, Тәртіптік-бақылау комитетінің 2020 жылғы 12 қазандағы шешімі өзгертілді.
- «Жетісу» ФК ойыншысы Олжас Керімжановты 2 матчқа ойыннан шеттетіп, 3 матчты сынақ мерзімінде 3 айға белгілеу.
Жазаны қолдану мерзімі 2020 жылдың 12 қазанынан бастап қала береді.