Рахмонов пен Морозов Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралына» қалай жетті

Рахмонов пен Морозов Абу-Дабидегі «Сарбаздар аралына» қалай жетті

Қазақстандық файтерлер Шавкат Рахмонов пен Сергей Морозов «Сарбаздар аралындағы» екі күндік карантинді аяқтады, деп жазады Prosports.kz.

Қос спортшы да екі күндік оқшауланудан кейін тапсырған тесттен сәтті өтті.

Қазіргі сәтте олар жұма күні болатын салмақ өлшеуге дайындалып жатыр.

Айта кетейік, Рахмонов пен Морозов 25 қазанған қараған түні Абу-Дабидегі Яс аралында өтетін UFC 254 турнирінде өнер көрсетеді.

Кештің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы (70 келі) чемпион Хабиб Нурмагомедов (28-0) уақытша чемпион Джастин Гэтжимен (22-2) кездеседі.

Сергей Морозов (62 келі) UFC-дегі дебюттік жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы <span>UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің інісі Умар Нурмагомедов болуы керек еді. Алайда ол жақында ғана емханаға түсіп қалғандықтан, кездесуге қатыса алмайтын болды. </span>

Ал Шавкат Рахмонов (77 келі) бразилиялық Алекс Оливейрамен кездеседі. Рахмонв UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді. Бірақ коронавирусқа байланысты ол турнир өтпей қалды. Ал шілтеде өткен турнирге Шавкат жарақатына байланысты қатыса алмады. 

<h4>Тамыз айындағы рейтинг: Қазақстандық файтерлердің көрсеткіші қандай</h4> <h4>UFC. Сергей Морозов Хабиб Нурмагомедовтің інісімен жекпе-жек өткізеді</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или