«Матчтың соңғы 10 минуты ұнамады». Бабаян «Каспийге» қарсы матч туралы
Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Григорий Бабаян «Каспийге» (0:1) қарсы ойыннан соң пікір білдірді.
<span>– Біз күткендей, қиын матч болды. Біріншіден, ұзақ үзілістен соң ойын ырғағына ілесіп кету оңай емес, екінгілен біз бұл құраммен бір ғана жаттығу өткіздік. Ойынның алғашқы 15 минутында көптеген қателіктерге жол бердік. Бірінші таймның ортасына таман анық мүмкіндіктерге жол ашылды. Жалпы, кездесудің бірінші бөлігінде допқа иелік ету көрсеткіші бойынша қарсыластар озық болды. Біз го соғатын 3-4 сәтті мүлт жібердік. Сонымен қатар бірінші таймда тактикалық тұрғыда дұрыс өнер көрсете алмадық.</span>
<span>Екінші таймда, гол соққанға дейін, жақсы ойын көрсеттік. Қарсыластарға бос кеңістік бермедік. Гол соғылған соң, шамамен 10 минуттай позициялық ойын өтті. Сондай-ақ маған матчтың соңғы 10 минуты ұнамады. Біз өзі ойынымыздан ауытқып, қарсыластарға басымдық беріп қойдық. Негізі, бұл өте маңызды жеңіс еді. «Каспий» – өте әлеуетті команда, оның әлі-ақ біраз командадан ұпай тартып алатынына сенемін.</span>
<span>Өкінішке қарай, ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен Ерланов пен Мирошниченконың жарақаты бар. Тағы бір футболшы Арман Оганесян жүз пайызға дайын болмай шықты, оның бұлшықетінде ауырсыну байқалады. Біз ойыншының денсаулығын тәуекелге сала алмадық. Бұған қоса Себай ұзақ уақыт ойыннан шеттетілді.</span>