Исламханның «Әл Айны» БАӘ чемпионатының жаңа маусымын жеңіспен бастады
БАӘ чемпионатында жаңа маусым басталды. Қазақстандық футболшы Бауыржан Исламхан өнер көрететін «Әл Айн» бірінші айналымның алғашқы матчын өз алаңында ойнап, жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жаңа маусымның ашылуында «Әл-Айн» «Хаур-Факкан» клубын 2:0 есебімен жеңді. Матчта Райан Әл Жабери (27 мин) және Уилсон Эдуардо (90 мин) көзге түсті.
Еске сала кетейік, қонақтардың есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндігі болған, бірақ 53 минутта команда ойыншысы пенальти орындай алмады. Алаң иелері де 72-минутта пенальтиден мүлт кетті.
Бұл кездесуде Исламхан Қазақстан құрамасы жаттығуында алған бұлшықет жарақатына байланысты ойынға қатысқан жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или