«Рубиннің» бұрынғы бапкері «Астана» жаттықтырушылар құрамына қосылды

«Рубиннің» бұрынғы бапкері «Астана» жаттықтырушылар құрамына қосылды

Ресейлік маман Владимир Ежуров «Астананың» жаңа бапкері Андрей Тихоновтың жаттықтырушылар құрамына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ежуров ұзақ уақыт бойы Қазанның «Рубин» жүйесінде жұмыс істеді, дубль жаттықтырушысынан негізгі құрамдағы көмекшіге дейінгі лауазымдарды иеленді. 60 жастағы маман Қазаннан басқа Тәжікстан, Өзбекстанның «Семург» және «Металлург», беларусьтік «Белшина», ресейлік «Балтика», «Енисей» және «Крылях Советов» командаларында жұмыс істеді.

Фото: «Енисей» ФК

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или