Андрей Тихонов «Астананың» бас бапкері атанды

Андрей Тихонов «Астананың» бас бапкері атанды

Ресейлік маман Андрей Тихонов «Астананың» жаңа бас бапкері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәскеулік «Спартакта» және Ресей құрамасын талай жыл доп тепкен елу жастағы Тихонов футбол жанкүйерлеріне танымал тұлға саналады. Ол «Спартак» құрамында 8 рет Ресей чемпионы болды.

Мәскеу клубынан кейін Тихонов «Крылья Советов», «Химки», «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) және «Локомотив» (Астана) командаларында ойнаған.

Андрей Тихонов 2009 жылы «Астана» тарихындағы алғашқы капитан болған және сол жылы чемпионаттың үздік ойыншысы атағын, күміс медалін жеңіп алды.

Футболшы мәнсабы аяқталған Тихонов <span>«Крыльях Советов», «Спартак» (Мәскеу), «Спарта» (Щелково), «Краснодар» және «Енисей»</span> командаларында жаттықтырушы болды.

Айта кетелік, Тихонов, бүгін, 16 қазанда 50 жасқа толды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или