Баку мен Петербор Еуропа чемпионаты матчтарын өткізу құқығынан айырылады

Баку мен Петербор Еуропа чемпионаты матчтарын өткізу құқығынан айырылады

УЕФА коронавирус пандемиясына байланысты ЕURO2020 форматын өзгертуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Бұл ақпаратты The Sun таратты.

Дереккөздің хабарлауынша, аурудың таралу қаупін азайту үшін турнир өткізетін қалалар санын азайту мүмкіндігі қарастырылады.

Баку (Таулы Қарабақтағы шиеленіс салдарынан) мен Санкт-Петербург ойындарды өткізу құқығынан айырылуы ғажап емес. 

Еске сала кетейік, ЕURO 2020 2021 жылдың 11 маусымы мен 11 шілдесі аралығында 12 қалада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или