«Қайрат» ойыншысы Армения құрамасы сапындағы алғашқы голын соқты
УЕФА ұлттар лигасының 4-турында Эстония құрамасы мен Армения құрамасы 1:1 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.
Осы кездесуде Армения құрамасы сапында ҚПЛ-да өнер көрсететін 4 ойыншы негізгі құрамда алаңға шықты. Олар «Шахтер» қақпашысы Давид Юрченко, «Қайрат» пен «Тобылдың» қорғаушылары Камо Оганесян мен Арман Оганесян және «Астана» жартылай қорғаушысы Тигран Барсегян.
«Қайрат» ойыншысы Камо Оганесян кездесудің 8-минутында «Астана» ойыншысы Барсегянның пасынан голға айналдырды. Бұл оның Армения құрамасы сапындағы алғашқы голы.
Эстония – Армения – 1:1
Гол соққандар:<span> </span>Рауно Саппинен 14 – Камо Оганесян 8
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или