Коронавирус жұқтырған Роналду қандай жағдайда «Барселонаға» қарсы ойнай алады

Коронавирус жұқтырған Роналду қандай жағдайда «Барселонаға» қарсы ойнай алады

Туриндік «Ювентустың» португалилиялық шабуылшысы Криштиану Роналдуға Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Барселонаға» қарсы ойында қатысуға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

ESPN басылымның мәліметінше, ойыншы 28 қазан күні болатын матчтан жеті күн бұрын коронавирусқа сынама тапсырғанда ол теріс нәтиже көрсетуге тиіс.

Еске сала кетелік, 35 жастағы Роналду инфекцияға байланысты УЕФА Ұлттар лигасындағы Швециямен, Италия чемпионатында «Кротоне» және «Веронамен», сондай-ақ Чемпиондар лигасында Киевтің «Динамосымен» болатын матчтарға қатыса алмайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или