Қатерлі ісікті жеңген футболшы жасыл алаңға қайта оралды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Жұмыртқа безі қатерлі ісігі ауруынан жазылған «Ньюкаслдың» ойыншысы Хонас Гутьеррес жасыл алаңға қайта оралды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
31-жастағы аргентиналық футболшы «Ньюкасл»-«Вест Хэм» жастар командаларының кездесуінде 87 минут өткізді. Бұған дейін соңғы рет алаңға Хонас «Норвич» сапында 5-ші ақпан күні шыққан болатын.</p>
<p style="text-align: justify;">
Содан кейін, Хонасқа ота жасалып, футболшы өз елінде химиотерапия курстарынан өтіп үлкен футболға қайта оралды. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или